RU

Павлодарда спортзалдың төбесі опырылып түсті (фото)

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: куәгерлер

Бүгін таңғы сағат 10.00 шамасында Павлодарда спортзалдың төбесі опырылды. Оқиға кезінде ғимаратта спорттық мекеменің жұмысшылары болған. Төбенің жарылғанын естіген олар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай Павлодардағы "Батыр" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс залында болған. Оқиға орнына құтқарушылар, туризм мен спортты дамыту басқармасының қызметкерлері келген.

Аумақ қоршауға алынған, себебі одан әрі опырылу ықтималдығы жоққа шығарылмайды.

Ғимаратта 13 бала болған. Алайда төтенше жағдай болғанға дейін олар қауіпсіз жерге шығарылған.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: куәгерлер

"Жарық пайда болғанын көрдік, соның себебін анықтауымыз керек еді. Опырылған кезде нысанда ешкім болмады, зардап шеккендер жоқ. Енді төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия құрылады. Әріқарай, бәрі белгілі болған кезде, біз мән-жайды толығырақ хабарлайтын боламыз", – дейді Павлодар облысы туризм мен спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: куәгерлер

Ведомствоның мәліметінше, мұндағылар мамандарды күткен, бірақ конструкция оған дейін опырылып түскен.

Ал ғимараттың өзі 1984 жылы салынған екен және бастапқыда көлік базасы ретінде пайдаланылған, содан кейін жаңартылған.

2010 жылы ғимараттың шатыры ауыстырылған. 2013 жылы біз қасбетті жаңартылған.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: куәгерлер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934312-pavlodarda-sportzaldyn-tobesi-opyrylyp-tusti-foto/