Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрі газ баллондарының жарылуына себеп болатын жайтты атады

Опубликовано:

Газ
Көрнекі фото: pixabay.com

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин тұрмыстық газ баллондарының жарылу себебін атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің мәліметінше, жыл басынан бері тұрмыстық газ тұтынушылар нысанында 51 оқыс жағдай тіркелген, салдарынан 88 адам жарақат алып, он алтысы көз жұмған.

Юрий Ильиннің сөзінше, қазір тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға тиімді бақылау жасау мәселесі заңнамалық жағынан реттеліп жатыр. Бұл ретте ол газ баллондарының жарылуына не себеп болатынын түсіндіріп өтті.

"Ескі және мерзімі өткен баллондарды пайдаланатын адамдардың қауіпсіздік талабын бұзып, баллонды жақын маңдағы автогаз құю станциясында толтыратыны жағдайды қиындатып отыр", - дейді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Юрий Ильин "Азаматтық қорғау" заңына газ-техникалық инспекциялардың қызметіне қатысты түзетулер енгізілгенін де атап өтті. Соған сәйкес, газ-техникалық инспекция қызметкерлері газ тұтыну жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдарды бақылау құзыретіне ие болды.

Сондай-ақ, министр қазіргі таңда қалалар мен аудандарда тұрғын үй испекцияларын құру жұмысы аяқталғанын айтты. Бірақ, оның сөзінше, бірқатар әкімдікте қызметкерлер саны жетіспейді және инспекторлардың арнайы білімі жоқ.

Бұл проблеманы шешу үшін төтенше жағдайлар министрлігі Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында алғаш рет әкімдіктің газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау жүргізетін 200-ден аса маманын онлайн курстан өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934315-totense-zagdailar-ministri-gaz-ballondarynyn-zarylu-sebebin-atady/

pixel