Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан айынан бастап мүгедек жандар үшін жәрдемақы жаңа ретпен төлене бастайды

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ерлан Әукенов қазан айынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар үшін төленетін жаңа жәрдемақының көлемін жария етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Келесі айдан бастап мүгедектігі бар адамдар және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа жәрдемақыны ала бастайды", - дейді Ерлан Әукенов.

Оның сөзінше, I топтағы мүгедектерге қарап жүрген адамдарға да жәрдемақы төленеді.

"Оның мөлшері 48 мың теңге болады. Осылайша, мүгедектігі бар азаматтар алып жүрген жәрдемақыға қоса, тағы 48 мың теңге алады", - дейді вице-министр.

Одан бөлек, I-II топтағы мүгедек балалардың ауруына қарай жәрдемақының көлемі 16-37 пайызға көтерілмек.

"Осының арқасында I топтар үшін 65 мың теңгеге, ал II топтағы мүгедек балалардың жәрдемақысы 54 мың теңгеге дейін өседі", - дейді Ерлан Әукенов.

Бұрын мүгедектігі бар балалар ата-анасынан айырылған жағдайда өз жәрдемақысын немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының біреуін ғана алып отыратын. Ал жаңа заңның аясында екі жәрдемақы да төленбек.

"Сонда мүгедек бала 48 мың теңге + 29 мың теңге алатын болады", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Ерлан Әукеновтің айтуынша, осы өзгерістерді іске асыру үшін бюджеттен 2023 жылдың аяғына дейін 55 миллиард теңге бөлініп отыр.

Айта кетейік, өткен аптада парламент сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1934357-vice-ministr-zana-zardemaqynyn-qansa-tenge-bolatynyn-aitty/

pixel