Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Опубликовано:

мектеп
Көрнекі фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қостанай облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұған дейін тәртіп сақшылары 27 қыркүйекте жасөспірімнің мектептегі сабағынан кетіп қалып, жоғалғанын хабарлаған еді.

Оны іздеуге полиция департаментінің барлық жеке құрамы жіберілді.

Сонымен қатар іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды.

Мектеп оқушысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұратыны да айтылды.

Жасөспірім бір сағат бұрын табылды.

"Іздеуде болған 13 жасар жасөспірімді Әулиекөл аймағының полицейлері тапты. Тәртіп сақшылары баланың Аманқарағай ауылына туыстарына қонаққа келгенін анықтады",-деді полицияның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934389-qostanai-oblysynda-zogalyp-ketken-zasospirim-tabyldy/

pixel