Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың қорғаушылары президентке үндеу жасады

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: Хабар 24

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша тергеу халықаралық жанжалға айналуы мүмкін. Бұл туралы экс-министрдің адвокаттары мен қорғаушылары айтты. Олар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, президенттен экс-министрді қудалауды тоқтатуды сұрады деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Біртановтың үлкен ағасы, оның қоғамдық қорғаушысы Ержан Біртанның сөзінше, 2020 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуді ұрлық туралы бап бойынша бастап, 14 ай бойы ешқандай дәлел таппаған. Кейін оған тағылған айып қызмет бабын теріс пайдалану деп қайта өзгертілген.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз бәріміз жалған картинаны көріп отырмыз. Үкімет платформаны енгізу бойынша жұмысты әлі жалғастыруда. ЛОР техникалық қолдау көрсетеді. Бірақ Қаржылық мониторинг агенттігі мен Бас прокуратура Елжан Біртановты заңсыз ұстауды және тұтқындауды ақтау үшін қоғам мен сотты платформа жұмыс жасамайтынына және ЛОР өз міндеттемелерін орындамағанына сендірді. Платформаның үш жылдық кепілдік мерзімі 2021 жылдың 5 қарашасында аяқталады", - дейді қоғамдық адвокат Ержан Біртан.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қолданысқа енгізіп, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып, бір жылға жуық уақыттан бері үй қамағында отыр.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Біртановтың ісі бойынша неліктен осы күнге дейін пікір білдірмегендерін түсіндірген еді.

А. Базарбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934410-birtanovtyn-qorgausylary-prezidentke-undeu-zasady/

pixel