RU

Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама келісіміне сәйкес, елде 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етіліп отыр.

Балаларға Pfizer вакцинасы ата-аналары немесе қараушылары рұқсат еткен жағдайда ерікті түрде салынады.

"12-15 жас аралындағы балаларға өткізілген Pfizer вакцинасының клиникалық сынамалары жақсы нәтиже көрсетті. Осындай кеңесті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да беріп отыр", - делінген Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ведомство ұсынған мәліметке сенсек, қыркүйектің ортасында Өзбекстанға Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді. Бұл препарат Өзбекстанда пайдалануға рұқсат етілген бесінші вакцина болмақ.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны 1 сәуірден басталды. Вакциналау AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, "Спутник-V", Moderna және Pfizer препараттарымен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда республикада 4 миллион адам толығымен вакцина алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934461-ozbekstanda-12-zastan-asqan-balalarga-vakcina-saluga-ruqsat-etildi/