RU

Теміртауда әйелді автобустан күшпен шығарып жіберіп, соққыға жыққан (видео)

Көрнекі
Видеодан кадр: Вечерняя Караганда

Әлеуметтік желіде Теміртауда автобуста болған жанжалдың видеосы тарады. Кадрдан бірнеше адамның әйелді қоғамдық көліктен шығарып жіберіп, ішіндегі біреуінің соққының астына алғанын байқауға болады. Бұл жағдайға қатысты Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиғаның видеосы Telegram мессенжерінде жарияланды.

Кадрдан бірнеше адамның жолаушыны автобустан күштеп шығарып жібергенін, бір ер азаматтың әйелді бірнеше рет тепкенін байқауға болады.

Бұл уақытта жерде жатқан әйел ешқандай қарсылық көрсетпеген.

Бейнежазбаға қатысты Қарағанды ​​облысының полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жайт Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркелген.

Полиция қызметкерлері жанжалдың Қарағанды-Теміртау бағытындағы автобуста болғанын хабарлады. Қоғамдық көліктің 41 жастағы жүргізушісі мен 25 жастағы кондукторынан жауап алынған.

"Кондуктор 28 қыркүйек күні 16.30 шамасында Қарағанды ​​қаласындағы "Кеншілер аялдамасынан" алкогольдік сусын тұтынған әйелдің автобусқа мінгенін айтты. Оның сөзінше, жолаушы дөрекі ұстап, жол ақысын төлеуден бас тартқан.

Теміртауға жетпей жолаушылар мен кондуктор әйелді "Кооператор" аялдамасынан түсіріп тастаған. Содан кейін белгісіз бір ер адам оған дене жарақатын салған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жәбірленуші мен қылмыстық құқық бұзған адамдардың жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер мен зорлық-зомбылық бегілері бар! Видео 18 жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және психикасы тұрақсыз адамдарға көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934463-temirtauda-aieldi-avtobustan-kuspen-sygaryp-ziberip-soqqyga-zyqqan-video/