RU

Қар, көктайғақ, тұман: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі.

Оған қоса, жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қазанның бірінен бастап солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына байланысты жауын-шашын тоқтатап, ауа температурасының одан әрі төмендеуі күтіледі:

  • түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз болып, күндіз 2-7 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста түнде сынап бағанасы 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады;
  • оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз ауа температурасы 8-13 градусқа дейін төмендейді;
  • еліміздің батысында ғана түнде 5 градус, күндіз 10-15 градус пен 13-18 градус аралығында жылы болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934499-qar-koktaigaq-tuman-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/