RU

Өзбекстанда жүріп бара жатқан көлікте газ баллоны жарылды (фото)

1
Фото: centralasian.media

Сәрсенбі, 29 қыркүйек күні сағат 08:05-те Өзбекстанның Қашқадария облысы Гузар ауданындағы Мустакилик көшесінде "Лассети" автокөлігінің газ баллоны жарылды деп хабарлайды centralasian.media.

Жүргізуші жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Көлікте тек жүргізуші болған. Апаттың себебі анықталуда деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға орнына төтенше жағдай салдарын жою үшін ТЖМ, денсаулық сақтау министрлігі, прокуратура және басқа да тиісті ведомстволардың өкілдері шақырылды.

Өзбекстан ТЖМ барлық жүргізушілерді олардың бақылауындағы көлік құралында орнатылған газ баллонын пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылғанын хабарлаған едік. Оқиға салдарынан бір ер адам ауруханаға өте ауыр халде жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934504-ozbekstanda-zurip-bara-zatqan-kolikte-gaz-ballony-zaryldy-foto/