RU

Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандардың несиесі толық кешірілді

Жарылыс
Кадр: Instagram / kris_p_kz

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен олардың әйелдерінің қарызы кешірілді. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифинте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Аймақ басшысының сөзінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысының әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту жөнінде шаралар қабылдаған.

"Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізген жұмыстарымыз нәтижесіз аяқталған жоқ. Төтенше оқиға салдарынан қаза болған азаматтардың – қарыз алушылар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді", - деді Сапарбаев.

Бердібек Сапрбаевтың айтуынша, жергілікті билік бұдан өзге де көмек көрсету шараларын қолға алған.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты.

Тағы бір өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалып кетті. Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге дейін табылмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934511-zambyldagy-zarylys-qaza-tapqandardyn-nesiesi-tolyq-kesirildi/