Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Вячеслав Ғиззатовтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті дипломат Вячеслав Ғиззатовтың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Оны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Вячеслав Хаменұлы үлкен өмірлік және кәсіби жолдан өтті. Ол Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Еліміздің мүддесін шетелде абыроймен қорғады. Сыртқы істер саласында зор беделге және құрметке ие болған Вячеслав Ғиззатовты жас дипломаттар үлгі тұтты.
Ол өзінің сіңірген қажырлы еңбегінің арқасында мемлекеттік наградалармен және медальдармен марапатталды. Вячеслав Хаменұлының жарқын бейнесі туыстары мен жақындарының, достары мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады" , – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, отандық танымал дипломат Вячеслав Ғиззатов 80 жасына жақындаған шағында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934589-toqaev-vyaceslav-gizzatovtyn-tuystary-men-zaqyndaryna-konil-aitty/

pixel