RU

Семейлік полицейлер жалған вакцина құжатын жасағандарды анықтады

Паспорт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Семей қаласында полиция қызметкерлері жалған вакцина құжатын жасағандарды анықтады деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

2021 жылдың 16 қыркүйегінде Семей қ. медициналық мекемелерінің бірінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы құжаттарды  қолдан жасап өткізумен айналысатын мекеме қызметкерлеріне қатысты жедел ақпарат келіп түсті.  

​Семей қ. ПБ қызметкерлерінің тарапынан  жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ағымдағы жылдың шілде айында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан Семей қаласының  27 жастағы тұрғыны анықталып, қолға түсті.​

"Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс  тіркелді. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде" , – деді Семей қ. ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934596-semeilik-policeiler-zalgan-vakcina-quzatyn-zasagandardy-anyqtady/