Жауын-шашын, жел, көктайғақ: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды
Опубликовано:

30 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.
Еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады.
Республиканың тек батысына және оңтүстік-батысына солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз шығысында және оңтүстік – шығысында найзағай бақыланады.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, таңертең және күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарда найзағай жарқылдайды.
Ақмола облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең шығысында тұман күтіледі.
Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934620-zauyn-sasyn-zel-tuman-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/