Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық эпидемиолог коронавирусты көбінесе кімдер жұқтыратынын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда негізінен 20-39 жас аралығындағы тұрғындар коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Соңғы екі аптада алматылық эпидемиологтар жүргізген талдау нәтижелері бойынша ең көп сырқаттану еңбекке қабілетті жастағы адамдар арасында тіркелген.

Әсел Қалықованың сөзінше, 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3 пайызға өсті.

Бұл мектептер мен отбасылардағы инфекциялардың салдары, дейді ол.

Алматыда көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі - 28 пайыз, 40-59 жасында - 22 пайыз және 60 жастан асқан адамдар - 23 пайыз.

Сонымен қатар Әсел Қалықова "инфекцияны тежеу қиын болғанымен, тиісті шаралар мен өзін-өзі тәрбиелеу орындалса, вирустан сақтануға болады" деген пікірде.

Ол үшін азаматтар әлеуметтік қашықтықты сақтап, жеке қорғаныс құралдарын қолданып, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауы керек.

Эпидемиолог одан бөлек Алматыда коронавирус инфекция тарайтын ықтимал орындарды атады.

Мысалы, сауда орындарында инфекцияны жұқтыру 3 пайызға, азық-түлік бөлшек сауда желілерінде, супермаркеттерде - 2,5 пайызға, азық-түліктік емес дүкендерде - 1,7 пайызға, метрода - 0,6% пайызға, қоғамдық тамақтану орындарында - 0,8 пайызға, монша-сауналарда - 0,5 пайызға көтерілген.

Сонымен қатар дәріхана, медициналық мекеме, банк, пошта, демалыс саябақтары сияқты нысандарда 0,1 пайызға өскен.

Әсел Қалықованың айтуынша, бүгінде инфекцияны жұқтыратын негізгі орындары сауда нысандары - 35 пайыз қоғамдық көліктер - 19 пайыз, отбасылармен байланыс - 18,4 пайыз, базарлар - 9 пайыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934624-otandyq-epidemiolog-koronavirusty-kobinese-kimder-zuqtyratynyn-aitty/

pixel