Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбиінің жылағанын көтере алмаған атыраулық келіншек оны 38 жерден пышақтаған

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда 4 айлық сәбиін 38 жерден пышақтап өлтірген келіншекке қатысты сот процесі басталды. Алайда 42 жастағы әйел  сот отырысына қатысқан жоқ. Себебі, қазір ол сот психатриялық сараптама қорытындысына сәйкес арнайы орталықта емделіп жатыр. Ал күйеуінің сөзінше, бұрын да әйелі  шақалақты тұншықтырғанын мойындаған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарап жатыр. Айыптау актін оқыған прокурордың сөзінше, келіншектің туған сәбиін өлтіруге нәрестенің қайта –қайта жылауы себеп болған.

Нәрестенің әкесі әйелдің бойында бала босанғаннан кейін түсініксіз жағдайлар пайда болғанын жасырған жоқ.

Оның сөзінше, келіншегінің үйінен безіп, төркінге кетуі жиілеген. Қара нәрсе бар деп қорыққандықтан, бақсыларға көрсетіп, мал сойып, құран да оқыттық дейді. Тіпті әйелі бір рет шақалақты жастықпен тұншықтырғанын да мойындапты.

"Көршінің үйінде отырғанмын. Мен баланы тұншықтырдым деп жүгіріп келді. Екеуміз үйге жүгірдік. Бала жылап жатыр. Айналада көпшік, ештеңе жоқ. Баланы көтеріп алдым. Өзім бірге жыладым", - дейді күдіктінің жұбайы.

Қанды оқиға болған күні ол отбасылық шаруалармен аудан орталығына кеткен.

Ол әйелі жалғыз сәбиін әдейі өлтірмегенін, сондықтан оны кешіретінін айтты. Сотқа күдікті қатысқан жоқ. Ол сот шешімімен психикалық денсаулық орталығында мәжбүрлі ем қабылдап жатыр.

"Параноидты шизофрения, халықаралық статистикалық жүктеме бойынша F20 созылмалы психикалық бұзылуынан зардап шеккен және қазіргі кезде де зардап шегеді деген диагноз қойылған. Қылмыс жасаған кезде өзінің іс-әрекетімен қоғамға қауіп туғызатынын ұғына  алмады. Бірақ өзіне ие бола алмаған", - деді Атырау облыстық Қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарина Хамидуллина.

Ал дәрігерлер науқастың қазіргі жағдайы тұрақты дейді. Тіпті жиі-жиі ауруханадан қашан шығаратынын сұрап қоятын көрінеді.

"Бізге 20 тамыздан бастап түскен. Қазіргі жағдайы бірқалыпқа келді. Бірақ психикалық бұзушылықтары бар", - дейді Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Дамир Қожантаев.

Естеріңізге салайық, қатыгез оқиға осыдан бес ай бұрын Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында болды. 4 айлық нәрестені туған анасы асхана пышағымен бір емес, бірнеше жерден тілгілеп тастаған. Сотта оқиғаға куә болған көршілерінен де жауап алынуда.  

Автор: Б. Нәдірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934650-sabiinin-zylaganyn-kotere-almagan-atyraulyq-kelinsek-ony-38-zerden-pysaqtagan/

pixel