Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қымбатты бауырым": "Талибан" Түрікменстан президентін атаулы күнмен құттықтады

Опубликовано:

Бердімұхамедов
Фото: Instagram / gmberdimuhamedow

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады.

Түрікменстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты ел президентіне келіп түскен құттықтау жеделхаттарын "Нейтральный Туркменистан" басылымы жария етті.

Түрлі мемлекет басшыларының атынан келген құттықтаулардың арасында "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысының жолдаған құттықтауы да бар.

Құттықтау тәліптер құрған Ауғанстан Ислам Әмірлігінің премьер-министрі міндетін атқарушы Мохаммад Хасана Ахундтың атынан келген.

"Қымбатты бауырым, Ауғанстан Ислам Әмірлігінің халқы мен үкіметі атынан жоғары мәртебелі Сізге және бауырлас түрікмен халқына Түрікменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шынайы құттықтау сөздерін жолдауға қуаныштымын", - делінген хабарламада.

Ол, сондай-ақ ел президентін "Ауғанстан халқына шынайы қолдау көрсеткеніне" алғыс білдірді.

"Үкімет пен халықтың атынан көпжақты форматтағы өзара қызмет пен ынтымақтастықты қалпына келтіруге, сондай-ақ маңызды екіжақты экономикалық жобаларды іске асыруға дайын екенімізді мәлімдеймін", - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Түрікменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік.

Онда президент барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Түрікменстан көшбасшысы мен түрікмен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934651-qymbatty-bauyrym-taliban-turikmenstan-prezidentin-atauly-kunmen-quttyqtady/

pixel