Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Sputnik радиосына сұқбат берген ресейлік инфекционист дәрігер Георгий Викулов қалыпты өмірге оралуға кедергі болып отырған негізгі мәселені атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін оның әріптесі Евгений Тимаков пандемия шамамен бір жылдан кейін аяқталады деп болжам жасаған болатын. Георгий Викулов те онымен келісіп отыр.  

"Неге тағы бір жыл деп жатыр? Өйткені әлемдегі адамдардың басым бөлігінде әлі күнге дейін инфекцияға қарсы иммунитет жоқ. Әсіресе бұл тұрмысы төмен елдерде айқын байқалып отыр. Демек ондай жерде аурудың қоздырғышы айналып жүре береді", – дейді медицина маманы.

Викуловтың айтуынша, жер-жаһанда адамдардың 60 пайызында COVID-19 инфекциясына қарсы иммунитет пайда болғанда пандемия аяқталады.  

"Адамдардың бір бөлігі ауырып шығады, басым бөлігі вакцина салдырады. Ғаламшар халқының 60 пайызында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет қалыптаспағанша түбегейлі өзгерістер болмайды", – деді дәрігер.

Инфекционист бүгінде әлем халқының тіпті үштен бір бөлігі де инфекцияға қарсы иммунитетке ие болмағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934658-dariger-covid-19-pandemiyasy-qasan-ayaqtalatynyn-aitty/

pixel