Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша 7 623 541 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

2021 жылғы 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I-компонентін 7 623 541 адам қабылдаса, II-компонентін 6 545 254 адам салдырды.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2252 адам тіркелді. Олардың дені Алматы қаласынан болып шықты. Оңтүстік астанада қауіпті вирус бір күнде 510 тұрғыннан расталған.

Сонымен қатар, Ақмола облысы коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934677-qazaqstanda-qansa-adam-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy/

pixel