RU

Ақтөбеде ақша мен алтын бұйымдар салынған сейф табылды

Сейф стоит на столе
Иллюстративное фото: pixabay.com

Ақтөбеде ұрлық жасап, ақша мен алтын бұйымдар салынған сейфті алып кеткен күдіктілер ұсталды. Олар ұрланған затты жасырған жерін көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл жаз айында Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінде зергерлік бұйымдар мен ақшасы бар сейф ұрланды. Ақтөбе қалалық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді анықтап, ұстады. Тінту кезінде олардың бірінің үйінің ауласына көмілген сейф табылды.

"Үш күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934711-aqtobede-aqsa-men-altyn-buiymdar-salyngan-seif-tabyldy/