RU

Қарағанды облысында ен далада 50 жастағы азаматтың мәйіті табылды

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында ен далада 50 жастағы азаматтың мәйіті табылды деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Қарқаралы ауданында Қасым Аманжолов ауылынан үш шақырым жердегі ен даладан денесінде оқ жарақаты бар 50 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

"Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 35 жастағы тұрғынды қолға түсірді. Күдікті сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Ал марқұм оған ескерту жасаған. Салдарынан екеуінің арасында кикілжің туындаған.

Соңында күдікті марқұмды қарумен атып тастаған", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері қылмыс қаруын тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934721-qaragandy-oblysynda-en-dalada-50-zastagy-azamattyn-maiiti-tabyldy/