Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Есіл өзенінен жасөпірім қыздың денесі табылды

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда кәмәлет жасына толмаған қыз Есіл өзеніне батып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Есіл өзеніндегі Серуен жаяу жүргіншілер көпірінде болған.

30 қыркүйек күні таңертең "102" пультіне сол жерде бір адамның батып бара жатқаны жайлы хабарлама түскен.

Оқиға орнына тез арада полиция мен ТЖД апатты-құтқару қызметінің жасақтары жіберілген.

Оқиға орнына келген сүңгуірлер жасөспірім қыздың денесін судан алып шыққан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылған болатын.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні "Самал-3" шағынауданында демалыс аймағының аумағында болған.

Күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған. Марқұм белгісіз жағдайда киімімен суға батып кеткен.

Одан бөлек, Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім мен 5 жасар қыз суға батып кеткен еді.

Бірінші жағдай Іле ауданындағы Қозөзен ауылының маңында, екінші жағдай Қапшағайда болған.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да сегіз жасар бала суға батып кеткен болатын.

Қайғылы оқиға 3 шілде күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылы шетіндегі Көшім каналында болған. Сегіз жасар жеткіншек шомылуға жабдықталмаған жерде суға кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1934737-nur-sultanda-esil-ozenindegi-kopirdin-astynan-qyzdyn-maiiti-tabyldy/

pixel