Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау-Алматы рейсінің жолаушысы борттағы тамақтан тот басқан шеге тауып алды (фото)

Опубликовано:

Шеге
Фото: Лаура Сүлейменова / azh.kz

Атырау-Алматы бағытында Air Astana әуе компаниясының ұшағымен ұшқан атыраулық тұрғын Лаура Сүлейменова борттағы тамақтың ішінен тот басқан шеге тауып алған. Бұл жайтқа қатысты әуе компания пікір білдірді деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

8 тамызда Лаура Сүлейменова кіші қызымен Атыраудан Алматыға ұшқан. Алдына келген асты жей берген кезде сүйекке ұқсас қатты затты байқаған. Ал қағаз майлыққа түкірген кезде қаракүрең түсті шегені көрген.

Келіншек бірден стюардессаны шақырған. Шегені көрген қызметкер шошып кетіп, аға қызметкерді шақыруға кеткен. Содан кейін акт толтырылған.

Жолаушыға кешірім ретінде әуе компаниясының қызметін алу үшін 20 доллардың сертификаты берілген.

"Жеті қараңғы түн мен шаршағандықтан, тергеу жүргізу туралы шарт қоя отырып, сертификатты қабылдадым", - дейді Лаура Сүлейменова.

23 тамыз күні Лаураға ыстық тамақты орау цехында қандай да бір металл заттар жоқ деген жауап келген.

Лаура Сүлейменова өткен аптада берілген сертификатты қолданбақ болыпты. Алайда ваучер нөмірі ескірген болып шыққан.

шеге
Фото: Лаура Сүлейменова / azh.kz

Осы ретте Air Astana жағдайды тексеруге уәде берді.

"Тағамға қатысты шағым тексеріс жүргізу үшін Атырау халықаралық әуежайындағы борттық қызмет көрсету цехына жіберілді. Борттық қызмет көрсету цехтарының қызметі қатаң реттелген. Бұрын мұндай шағымдар болмады, бірақ біз болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін цех басшылығынан шара қолдануды сұрадық.

Жолаушының бортта алған сертификаты қағаз түрінде болғандықтан, тек сату кеңселерінде қолданылады. Клиенттерге қызмет көрсету бөлімі оны электронды сертификатқа ауыстырып береді", - дейді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934749-atyrau-almaty-reisinin-zolausysy-borttagy-tamaqtan-tot-basqan-sege-tauyp-aldy-foto/

pixel