Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларға 1,5 млн теңге мен алтындарын қайтарып берді

Опубликовано:

Такси қызметі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда 23 жастағы такси жүргізушісі жолаушыларға көлікте ұмытып кеткен 1,5 млн теңгесі мен алтын бұйымдарын қайтарып берді деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі болғандай 19 қыркүйек күні жас жігіт жасы келген екі әйелді үйіне жеткізіп тастаған.

Артынша ол жолаушылар салонында 1,5 млн теңге мен алтын бұйымдары бар чемодан қалып кеткенін аңғарған. Такси жүргізушісі чемодан иелерін табу үшін бір апта уақытын жұмсаған.

Ал әбден үміті үзілген әжей қалдырып кеткен заты табылғанда қуанышы қойнына сыймай, жас жігітке алғысын жаудырған.

Өз кезегінде такси жүргізушісінің үлгі боларлық ісін қалалық полиция да назардан тыс қалдырмай, оған алғыс хат пен сыйлық табыстаған.

"Осындай жауапты азаматтарымыз көп болса, мемлекеттің болашағы үшін уайымдамауға болады. Үлгі көрсетерлік әрекетің үшін рахмет", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуалы Нашарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934751-almatyda-taksi-zurgizusisi-zolausylarga-15-mln-tenge-men-altyndaryn-qaitaryp-berdi/

pixel