Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Орталық Азияда "ең ішкіш ел" атанды: Мәжіліс депутаты дабыл қақты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Карантин кезінде ішімдікке тәуелді болғандардың саны күрт өскен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері халық арасында індеттің дауасына қатысты сан алуан "ақыл-кеңестер" тарады. Алдымен зімбірге жарнама жасалса, артынан адыраспан мен қойдың құйрық майынан шипа тапқандар шықты. Алкоголь ішуге кеңес беретіндер де көбейе бастады.  

"Өкінішке қарай, әлі де "халық емі" деп, ішірткілерін жарнамалаушылар бар. Ең сорақысы – карантин кезінде ішімдікке тәуелді болғандардың саны күрт өсіп кеткендігі мәлім болып отыр", - деді Мыңбай мәжілістің жалпы отырысында.

Ал статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, коронавирусқа қарсы карантин кезінде арақ мен ликер өнімдерін тұтыну мөлшері 21,5 процентке өскен. Бүгінде Қазақстан халқы жан басына шаққанда 11 литр таза спирт тұтынады екен.

"Осы көрсеткіш бойынша еліміз Орталық Азия өңірінде "ең ішкіш елге" айналғаны көңілге кірбің ұялатады. Бұл жағынан әлемде 34-орындамыз. Мысалға, Қырғызстан – 106, Түрікменстан – 114, Өзбекстан – 131, Тәжікстан – 134 орынды иемденіпті. Қытайдың өзі 95 орында тұр. Бұл – дабыл қағарлық меже. Ел болып, етек жинап, барлық үкіметтік мекеме, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, отбасы институты тарапынан жүйелі жұмыс жүргізіп, нысаналы-мақсатты әрекетке көшпесе, істің насырға шабатын түрі бар", - деп атап өтті депутат.

Осыған байланысы Мыңбай үкіметке депутаттық сауал жолдап, бірнеше ұсыныс жасады. Олар:

  • Елімізде алкоголизмге, нашақорлыққа және құмар ойындарына қарсы күрес бағдарламасының жұмысы 2015 жылы аяқталған. Ал "Дені сау ұлт" ұлттық жобасының 4-бағытында салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін көбейту жоспарланған. Соның 8-шарасы алкоголь мен есірткі бойынша Европалық мектеп тексерісі жобасы методологиясы бойынша психобелсенді заттарды жастар арасында тұтыну жөнінде зерттеулер жүргізу және темекі, алкоголь, ПБЗ тұтынудың алдын алу жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізу көзделген. Соған тиісті қаржы қарастыру қажет;
  • Маскүнемдікке, нашақорлыққа және құмар ойындарына салынғандарды дуальды оқыту арқылы арнайы кәсіпке бейімдеу, қоғамға қажетті жұмыстарға, волонтерлық қызметке, экономиканың басқа да секторларына тарту;
  • Бұл бағытта тиімді жұмыс ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен денсаулық сақтау орындарының құзыретін кеңейту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934778-qazaqstan-ortalyq-aziyada-en-iskis-el-atandy-mazilis-deputaty-dabyl-qaqty/

pixel