Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда қарулы ер адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Күдікті
Фото: Алматы облысы ПД

Талғарда екі учаскелік инспектор қаруылы ер адамды ұстады. Оның көлігінен тапанша табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Талғар ауданын патрульдеу кезінде 33 жастағы жергілікті тұрғын басқарған BMW көлігін тоқтатты.

Ер адамның мінез-құлқы тәртіп сақшыларының көлікті тексеруіне түрткі болды.

"Жүргізуші орындығы жағындағы кілемшенің астына револьвер жасырылған болып шықты. Ұсталған адам қарудың ешқандай рұқсат құжаттарын бере алмады. Осыған байланысты револьвер тәркіленді, ал оның иесі полицияға жеткізілді.

Қазір ұсталған адамға қатысты мұқият тексеру жүргізілуде. Алынған қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, онда оның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі", – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша (атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қозғалды.

Заң бойынша күдіктіге ірі көлемде айыппұл, бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934781-talgarda-qaruly-er-adam-ustaldy-video/

pixel