RU

Алматы облысында 4 көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_press

Алматы-Бішкек тас жолында төрт көліктің қатысуымен жантүршігерлік апат орын алды. Жол апаты салдарынан 47 жастағы ер адам қайтыс болды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысының полиция департаментінде айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

Жазба авторы апаттың Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының маңында болғанын хабарлады. Алматы облысының полициясы бұл фактіні растады.

Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты бүгін таңертең Алматы-Бішкек тас жолының 44-ші шақырымында болған. Үш адам жарақат алған, олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды.

"Алдын ала анықталғандай, "Нива" көлігінің 47 жастағы жүргізушісі батыс бағытта қозғалып келе жатып, рөлді басқара алмай, Foton жүк көлігімен соқтығысқан.

Көлік сонымен қатар жарық бағанасына соғылған, содан кейін қарсы бағытқа шығып кетіп, BMW 525 пен Mitsubishi көліктеріне соғылған.

"Ниваның" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан 44 жастағы Mitsubishi жолаушысы мен BMW көлігінің 22 жастағы жүргізушісі зардап шекті", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934795-almaty-oblysynda-tas-zolda-4-koliktin-qatysuymen-bolgan-qaigyly-apat-oryn-aldy-video/