Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Түркістан облысында прокурордың айыптау актісі бойынша тергеу соты Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетовті қамауға алуға санкция берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан мамандандырылған тергеу сотына сілтеме жасап.

Шенеунікке 2013 жылы жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша айып тағылып отыр.

Айыптау дерегінше, сол кезде Марат Сейтімбетов Сарыағаш ауданы тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарған.

Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан және ауылдық елдімекендерді қамтамасыз етуге арналған магистральдық газ құбырын пайдалануға қабылдаған.

Жұмыстың тек 50 пайызға істелсе де, мердігерлер бюджеттен 30 млн теңге толық төлемді алған.

Салдарынан мемлекетке 15 млн теңге шығын келген.

Марат Сейтімбетов пен оның адвокаттары келтірілген залал өтелгенін айтып, айыпталушыны үй қамағына алуды немесе кепілдік төлеуді сұраған.

Бірақ айыптау әрекетінің ауырлығына байланысты сот прокурордың өтініші бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Бірқатар сараптамалар тағайындалып, іс бойынша куәгерлер анықталуда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934805-turkistan-oblysynda-audan-akiminin-orynbasary-qamauga-alyndy/

pixel