Президент академик Мардан Сүлейменовті "Барыс" орденімен марапаттады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының академигі Майдан Сүлейменовті І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады деп хабарлайды Ақорда.
"Ғылыми және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын", - делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934810-prezident-akademik-mardan-suleimenovti-barys-ordenimen-marapattady/