RU

Екібастұз әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты жаңа дерек жарияланды

Бауыржан Ахметов
Бауыржан Ахметов. Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұзда шенеуніктердің ұсталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов пен тұрғын-үй шарушалық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейіні тергеу жүргізуде.

Олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін және жалпы қамқорлық көрсеткені үшін мердігерлерден жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен оның қарамағындағы екі қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Екібастұз қаласы әкімінің бапасөз қызметі шенеуніктердің ұсталғанын растады

"Иә, расымен де солай. Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары және сол бөлімнің маманы жауап алу мақсатында ұсталды. Бізде басқа ақпарат жоқ", – дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934819-ekibastuz-akimi-orynbasarynyn-ustaluyna-qatysty-zana-derek-zariyalandy/