RU

"Қарағанды - Алматы" тасжолы қашан пайдалануға беріледі: Министр жауабы

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қарағанды-Алматы" тасжолын пайдалануға беру мерзімі белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қарағанды-Алматы" тасжолының салынып бітуін жұртшылық асыға күтіп отыр. Себебі аталған бағыт еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын дәліз болмақ.

Бүгінде жол салу жұмыстары қызу жүріп жатқаны белгілі болып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында тасжолдың жалпы ұзындығы 946 шақырымды құрайтынын мәлімдеді. Ол үш учаскеден тұрады:

  1. "Қарағанды-Балқаш". Оның ұзындығы шамамен 363 шақырымды құрайды;
  2. "Балқаш - Бурылбайтал" учаскесі. Ұзындығы - 546 шақырым;
  3. "Бурылбайтал-Алматы" учаскесі - 67 шақырымдық жол.

Министрдің айтуынша, аталған тасжол І дәрежелі санатқа жатады және ол 4 жолақтан тұрады.

"Жол бойы толықтай инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. "Қарағанды- Алматы" тасжолын 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934830-qaragandy-almaty-taszoly-qasan-paidalanuga-beriledi-ministr-zauaby/