Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой баласы үшін жанұшыра көмек сұраған әкенің өтінішін жерде қалдырмады

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: instagram.com/alexey_tsoy

Қоғамдық қабылдау өткізген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап, өзінен көмек сұрап келген сегіз жасар науқас қыздың әкесіне көмектесуге уәде берді деп хабарлайды "Астана" арнасы.

"Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындар бейнебайланыс арқылы министрге талап арыздарын жеткізді. Солардың бірі - елорда тұрғыны Александр Шевченко. Ол 8 жасар қызы Аринаның ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатқанын айтып, министрден көмек сұрады.

"Біздің қызымызға Энцефалит диагнозы қойылған. Қызымыз тіпті еркін тыныс ала алмайды деген, алайда қазір қызым өздігінен тыныстап жатыр. Министр мырзадан өз бақылауына алуын сұраймын", - деп өтінді Александр Шевченко.

Алексей Цой баласы үшін жанұшыра көмек сұраған әкенің өтініші жерде қалмайтынын айтты. Министр қыз баланың денсаулығына қатысты республикалық консилиум құрылып, тиісті көмек көрсетілетініне сендірді.

"Сіздің қызыңыздың жағдайын көрдік, республикалық тексеріс жасап, консилиум құрылатын болады. Қызыңызға қандай және қалай көмектесетініміз туралы шешім қабылдайтын боламыз", - деді Цой.

Қоғамдық қабылдауға 33 адам жазылған. Олар дәрі-дәрмектің қымбаттығын, емханалардың қызмет көрсету сапасының төмендігін айтып шағымданды. Әрбір сұрақ бойынша сала мамандарына нақты тапсырма берілді. Министр мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын алға тартты.

Ә. Дүкембаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934832-aleksei-coi-balasy-usin-zanusyra-komek-suragan-akenin-otinisin-zerde-qaldyrmady/

pixel