Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес адам ажал құшты": Елордада көлік апатынан аман қалған бойжеткеннің жағдайы ауыр

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Instagram / Astanovka98

Нұр-Сұлтандағы көпірде болған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жалғыз жолаушының жағдайы ауыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, жол апаты кезінде Toyota Camry көлігінде болған 18 жастағы бойжеткенге дәрігерлер шұғыл ота жасаған. Науқастың омыртқасы сынған және қатты есеңгіреп қалған.

Еске салсақ, қайғылы жағдай түнде Сарайшық көшесіндегі көпірде болды. Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт қатты жылдамдықпен келе жатып қарсы жолаққа шығып кеткен. Оның көлігі Nexıa көлігімен бетпе-бет соғылды. Салдарынан бес адам оқиға орнында ажал құшқан: екеуі – жүргізуші, үшеуі – жолаушы.

Елордалық полицейлер көлік жүргізушілерінен мың құбылған ауа райында сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Бір тәулікте қалада 91 жол апаты тіркелген.

"Біз жүргізушілерді ескертеміз. Ауа райының күрт өзгеруіне, қар аралас жаңбырға және түнде күннің суытуына байланысты жолдағы жағдай өте қиын. Сондықтан жолда барынша мұқият, сақ болыңыздар. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 91 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл әдеттегіден бір жарым, екі есеге көп", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД ресми өкілі Данияр Орал.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934836-bes-adam-azal-qusty-elordada-kolik-apatynan-aman-qalgan-zalgyz-boizetkennin-zagdaiy-auyr/

pixel