Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы жарылыс: Зардап шеккен 48 өрт сөндіруші марапатталды (видео)

Жарияланған күні:

Марапаттау
Фото: Хабар 24

Тамыз айының соңында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан зардап шеккендер марапатталды деп хабарлайды Хабар 24.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен облыстық департаменттің 48 қызметкеріне "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" медалі табыс етілді.

Телеарнаның хабарлауынша, жарылыстан аман қалғандар қатарында 34 жастағы Болат Әмірәлиев те бар.

"Қару-жарақ сақтау қоймасы түтіндеп жатыр деген сол хабарды алысымен оқиға орнына жеттім. Оқиға орнына келгенде көргенім қару-жарақ қоймасы лаулап жанып жатты. Содан көп ұзамай жарылыс болды. Сол жарылыстан жарақат алдық. Қазір сол жарақаттан емделіп жатырмыз. Енді жақын арада қатарға қосыламын", - дейді Байзақ аудандық ТЖБ бастығы Болат Әмірәлиев.

Өңірлік ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Қосыбаевтың айтуынша, бұл-төтенше жағдай қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан лайықты марапат.

"Бұл бейбіт кезеңде жауынгерлік бұйрық алып жауынгерлік тапсырма алып орындайтын төтенше жағдайлар саласы қызметкерлеріне лайықты марапат деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұндай оқиғалар тек жаттығу жүзінде болғаны және қатардағы құрам әрдайым аман болғанын тілек ететін боламыз", - дейді Мақсат Қосыбаев.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, кейін жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты.

Тағы бір өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалып кетті. Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге дейін табылмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934845-zambyldagy-zarylys-zardap-sekken-48-ort-sondirusi-marapattaldy-video/