Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте тағы 2096 адамнан коронавирус анықталды

Жарияланған күні:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте тағы 2096 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарланды.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 284
  • Алматы қаласында - 498
  • Шымкент қаласында – 79
  • Ақмола облысында – 50
  • Ақтөбе облысында - 97
  • Алматы облысында - 233
  • Атырау облысында - 68
  • Шығыс Қазақстан облысында - 124
  • Жамбыл облысында - 53
  • Батыс Қазақстан облысында -57
  • Қарағанды облысында - 120
  • Қостанай облысында - 108
  • Қызылорда облысында - 56
  • Маңғыстау облысында - 19
  • Павлодар облысында - 130
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 70
  • Түркістан облысында - 50 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр.

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 886 982 жетті.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2661 адам ауруынан айығып шыққан.

30 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 654 566 адам, екінші компонентін 6 593 598 адам салдырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанын хабарлаған еді.

"Кейінгі екі аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 36 пайызға төмендеді. Тамыздың екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын, өлім-жітім көрсеткіші 2,7 есе азайғанын көріп отырмыз", - деді министр үкімет отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934852-otken-taulikte-tagy-2096-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/