RU

Коронавирус: Тағы бір облыс "қызыл" аймақтан шықты

көше
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңа деректер жарияланды. Оған сәйкес, Қарағанды облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Павлодар облысы;
  • "сары" аймақта Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 2096 адамнан коронавирус анықталған болатын. Осылайша, коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 886 982 жетті.

Сонымен қатар, бір тәулікте 2661 адам аурудан жазылып шыққан.

30 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 654 566 адам, екінші компонентін 6 593 598 адам салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934860-koronavirus-tagy-bir-oblys-qyzyl-aimaqtan-syqty/