Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәліптер Кабулда шетелдік дипломаттарды қабылдады (видео)

Опубликовано:

Дипломаттарды қабылдау
Фото: Taliban Government/Handout/Anadolu Agency via Getty Images

Бейсенбіде Кабулда "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысы шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерін қабылдап, кешкі ас ұйымдастырды деп хабарлайды ТАСС.

Радикалдардың өкілі Забихулла Муджахид кездесу сәтінен видео жариялады.

Іс-шараға қатысқандар арасында Ресей елшісі Дмитрий Жирнов, Пәкістан мен Өзбекстанның дипломатиялық миссияларының басшылары Мансур Ахмад Хан мен Эдгоружа Шадманов болды.

"Маңызды саяси өзгерістер кезінде де өз жұмыстарыңызды жалғастырғандарыңыз, Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы тұрақты екенін көрсетеді. Бұл үшін жауапкершілік жаңа үкіметтің мойнында. Біз ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетіп, өз елдерінің біздің министрлер кабинетімен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жариялаған барлық мемлекеттерге алғыс айтамыз", - дейді Ауғанстан Сыртқы істер министрі Амир Хан Моттаки.

Ол сонымен қатар, тәліптер барлық елдермен ынтымақтастық орнатуға және әр елге "Ауғанстан аумағында аяқталмаған жобаларды жүзеге асыру үшін" барлық қажетті жағдайды жасауға дайын екенін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934871-talipter-kabulda-seteldik-diplomattardy-qabyldady-video/