Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да марал атты деген күдікпен екі қорықшы ұсталды (видео)

Опубликовано:

Марал
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері екі браконьерді ұстады. Күдіктілер қорықшы болып шыққан деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы мен Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен жұмыс жүргізген.

Оның барысында құзырлы орган өкілдері "Қызыл бор" мемлекеттік мекемесінің аумағынан артында тіркемесі бар Нива көлігін байқаған.

Тәртіп сақшылары көлікті тексеріп, тіркемеден маралдың еті салынған пакеттерді тапқан. Заңсыз аңшылық жасады деген күдікпен көлік жүргізушісі мен жолаушы ұсталған. Тағы екі адам полицейлер келгенше оқиға орнынан кетіп қалған.

Тергеу барысында ұсталғандардың қорықшы екені анықталған. Олар маралды атып, етін бөліп алған жерді де көрсеткен.

Қазір Солтүстік Қазақстанда марал аулау маусымы ашылғанымен, әрбір аңшыда қанша аң атып алатыны жазылған рұқсат қағазы болу керек. Қорықшыларда осы құжат болмапты.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 377-бабы, 4-бөлігі бойынша (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Қазіргі уақытта екі күдікті де полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды", - дейді Есіл аудандық полиция бөлімінің басшысы Ерлік Есләмбеков.

Тәркіленген ет сараптамаға жіберілген. Сондай-ақ, полцейлер күдіктілердің біріне тиесілі карабин мен аң аулау құралдарын тәркілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934886-soltustik-qazaqstandy-maral-atty-degen-kudikpen-eki-qoryqsy-ustaldy-video/

pixel