Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында медицина қызметкерлері вакцина паспортын қолдан жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жалған вакцина құжатын жасады деген күдікпен екі аурухана қызметкерін анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, Қазығұрт аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз азаматтан шұғыл хабар келіп түскен.

Онда Қазығұрт ауданында үш тұрғынның жалған вакцинация құжатын жасатқаны туралы айтылған.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде вакцинация төлқұжатын қолдан жасады деген күдікпен Қазығұрт аудандық ауруханасының екі қызметкері полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аудандық полицияның дерегінше, медицина қызметкерлері үш тұрғынға жалған вакцинация құжатын жасаған. Қазіргі таңда бұл жайттың толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңға қайшы келетін әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934901-turkistan-oblysynda-medicina-qyzmetkerleri-vakcina-pasportyn-qoldan-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel