Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санақ кезінде есік ашпаған қазақстандықтарға қандай шара қолданылады

Опубликовано:

Санақ
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов санақ кезінде есік ашпаған адамдарға шара қолдану мәселесін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Заң бойынша халық санағынан өту – әрбір азаматтың міндеті. Ол жерде арнайы шаралар көзделген. Бірақ біз оны қолданбаймыз", - дейді Айдапкелов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте.

Бюро басшысының айтуынша, санақ жүргізетін мамандарды оқыту кезінде адамдармен қарым-қатынас орнату мәселесіне баса назар аударылды.

"Оларға адамның сеніміне ие болу үшін қалай сөйлесу керектігін де үйретті. Халыққа санақтың маңыздылығын барынша түсіндіру арқылы сауалнама парақшаларын толтырады", - дейді Нұрболат Айдапкелов.

Осы орайда бюро басшысы интервьюерлердің киіміне және арнайы куәлігіне баса назар аударуға кеңес берді.

Олар көк шарф тағып, санақтың эмблемасы бар сөмке ұстайды. Қолында арнайы планшет, ал мойнында ресми куәлік болады. Бейжд-куәлікте сауалнама жүргізетін маманның аты-жөні және құжатты рәсімдеген органның мөрі бар. Адамдар оған да сенбесе, 1446 нөміріне хабарласып, интервьюердің аты-жөнін анықтай алады.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда халық санағын жүргізудің екінші кезеңі басталды.

Интервьюерлер азаматтардың үйіне барып, санақтан өтудің дәстүрлі әдісін ұсынады. Үйлерде санақ жүргізу айдың соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін Қазақстанда халық санағынан онлайн түрде sanaq.gov.kz сайты арқылы өтуге болатынын айта кетейік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934927-sanaq-kezinde-esik-aspagan-qazaqstandyqtarga-qandai-sara-qoldanylady/

pixel