RU

Ресей құрамасының бас бапкері мен балуандары маска режимін сақтамағаны үшін ұшақтан шығарылды

Ұшақ борты
Көрнекі фото: pixabay.com

Күрестен Ресей құрамасының бас бапкері мен балуандары маска режимін сақтамағаны үшін ұшақтан шығарылды. Әлем чемпионатына бара жатқан еді деп хабарлайды sports.ru.

Команда ел намысын қорғау үшін биыл Ослода (Норвегия) өтетін еркін күрестен әлем чемпионатына ұшқалы тұрған еді.

Амстердамға қонып, қайта отырғызу кезінде ұлттық құрама рейстен шығарылды, өйткені Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев, Тимур Бижоев, Евгений Жербаев, Абасгаджи Магомедов және ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Джамболат Тедеев маска режимін бұзған.

Балуандар Амстердам әуежайында түнеуге мәжбүр болды және таңертеңінде Ослоға ұшып кетті.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы әлем чемпионаты 2-8 қазан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934932-resei-quramasynyn-bas-bapkeri-men-baluandary-maska-rezimin-saqtamagany-usin-usaqtan-sygaryldy/