Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Полициямен келіп, мәжбүрлемейді": Статистикалық бюро басшысы халық санағы жайлы айтты

Опубликовано:

Қағаз бен қалам
Көрнекі фото: piqsels.com

Ұлттық статистика бюросының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар халық санағынан өтуге мәжбүр бола ма деген сұраққа түсініктеме берді. Бүгін интервьюерлер сауалнама толтыру үшін азаматтардың үйіне баратын кезең басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Айдапкелов бүгінгі таңда 6,4 миллионнан астам адам немесе халықтың 33,8 пайызы онлайн-санақтан өткенін айтты.

Ол сондай-ақ 1 қазаннан бастап халық санағы мақсатында аулаларды аралау кезеңі басталатынын және бұл кезең 30 қазанға дейін созылатынын айтты.

"Біз 23 мың интервьюер жинадық, олардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, планшетпен жұмыс істеу дағдыларына ие.

Сонымен қатар, олар онлайн-санақтан өткендерге барады, бірақ егер азаматтар интервьюерге санақтан өткені туралы сертификатты көрсетсе, онда тұрғын бұл процедурадан қайта өтудің қажеті жоқ", – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Бұл ретте ол қазақстандықтарды санақтан өтуге мәжбүрлемейтінін мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар бойынша аға инспекторы Азамат Күрімбаев өз кезегінде "азаматтардың рұқсатынсыз тұрғын үйге кіруге ешкімнің құқықы жоқ" екенін атап өтті.

"Ешкім полициямен келіп, (санақтан өтуге – ред.) мәжбүрлемейді. Біз азаматтарды, интервьюерлерді қорғау туралы айтып отырмыз. Бұл, ішкі істер министрлігіндегі әріптесіміз атап өткендей, қолайсыз аудандарға, саяжайларға және ішкі істер министрлігінде тіркелген адамдарға қатысты. Сондықтан полициямен барып, мәжбүрлейді деу дұрыс емес", – деді Айдапкелов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934947-policiyamen-kelip-mazburlemeidi-statistikalyq-byuro-bassysy-xalyq-sanagy-zaily-aitty/

pixel