Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада қылмыс жасап, қашып жүрген ер адам ШҚО-да ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында қылмыс жасап қашып жүрген ер адам Шығыс Қазақстан облысында ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өткен жылдың қараша айында елордадағы қонақ үй нөмірлерінің бірінен қомақты ақша ұрлаған ер адамды Серебрянск қаласынан құрықтады.

Семейдің 38 жастағы тұрғыны бір жылға жуық құқық қорғау органдарынан қашып жүрген. Белгілі болғандай, ол қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында жасырынып келді.

«Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Нұр-Сұлтан қаласына жіберілгеннен кейін оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934961-elordada-qylmys-zasap-qasyp-zurgen-er-adam-sqo-da-ustaldy/