RU

Атырауда төрт айлық баласын 38 рет пышақтаған әйелдің соты басталды

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда 4 айлық баласын 38 рет пышақтаған әйелдің соты басталды деп хабарлайды Қазaқпарат.

Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, сот процесі мамандандырылған медициналық мекемеде емделіп жатқан айыпталушының қатысуынсыз өтуде.

Айыпталушың күйеуі әйелінің тарапынан балаға зиян келтіру әрекеті бұрында да кездескенін жасырмаған.

Баласын өлтірген күні ол үйінде болмаған.

"Айыпталушы әйел баласының жылауын тоқтатпағанына ашуланып, ас үйден пышақ алып келген. Ол баланың кеудесіне 30-дан астам пышақ салған. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды" - дейді мемлекеттік айыптаушы Нұрболат Әбілов

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сәбиінің жылағанын көтере алмаған атыраулық келіншек оны 38 жерден пышақтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934962-atyrauda-tort-ailyq-balasyn-38-ret-pysaqtagan-aieldin-soty-bastaldy/