Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арон Атабектің жазасы денсаулығына байланысты жеңілдетілді

Опубликовано:

Арон Атабек
Фото: rus.azattyq.org

Арон Атабектің (Едігеев) денсаулығына байланысты жазасы жеңілдетілетін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Арон Атабектің жазасы емделмейтін дертке шалдығуына байланысты жеңіл түріне ауыстыру ұсынысы қаралған.

Белгілі болғандай, ол мынадай ауру түрлерімен ауырады: М50.0. Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы (G99.2).  М50.1. Жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті – демиелинизирлеуші ауруы және т.б.

"Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934978-aron-atabektin-zazasy-densaulygyna-bailanysty-zenildetildi/

pixel