Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақпен оқуға түсушілерге қандай талаптар қойылады

Жарияланған күні:

"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды
Көрнекі сурет: adyrna.kz

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамының президенті Айнұр Қарбозова білім және ғылым министрлігінің ақпарат жиналысында "Болашақ" стипендиясына құжаттарды қабылдау барысы және атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндады деп хабарлайды BAQ.KZ.

"2020 жылы 6 мамырда Үкімет Қаулысымен бекітілген жаңа іріктеу ережесіне сәйкес сапалық өзгерістер шеңберіндегі барлық үміткерге ортақ талап қойылады. Басым мамандықтар тізбесінен мамандығы бойынша ұсынылатын ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖОО-дан шартсыз шақырудың болуы. Бұл – бірінші талап. Екіншіден, мемлекеттік тілді игеру көрсеткіші Қазтесттің кемінде В1 көрсеткішін алу. Яғни, 105 сұрақтың кемінде 105-іне дұрыс жауап беруі керек", - деді Айнұр Қарбозова.

Оның сөзінше, жоғарыда айтылғандар бағдарламаның негізгі талаптары.

2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде 5 оқу бағдарламасы ұсынылған.

Соның ішінде магистратура, ауылды жерлерден қатысатындар үшін магистратура, медицина үшін резидентура, докторантура және тағылымдама.

"Тағылымдаманың шетелде кадрларды даярлау республикалық комиссиясының шешімімен 6 санаты бекітілді.

Олар – ғалымдар, педагогикалық, денсаулық сақтау, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мемқызметшілер және мәдениет пен спорт саласы қызметкерлері", - деді Айнұр Қарбозова.

Оның сөзінше, ағымдағы жылы бөлінген шекті стипендия саны – 1 055.

Оның 555-і академиялық магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдаманың 5 санатына бөлінеді. Қалған 500 стипендия ғалымдарға бөлініп отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта құжат қабылдау жүріп жатыр. Яғни, 4 мамырда басталған құжат қабылдау процесі 28 қазанға дейін жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934995-bolasaqpen-oquga-tususilerge-qandai-talaptar-qoiylady/