Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Әбдірахымов
Фото: zakon.kz

Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Үкімет қаулысымен Ғабидолла Әбдірахымов басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы ретінде бастаған.

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды.

2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы.

2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

2013-2015 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы.

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2021 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935005-gabidolla-abdiraxymov-madeniet-zane-sport-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel