Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana: Жолаушылардың әуе тасымалы тоқтауы мүмкін

Опубликовано:

Әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Air Astana әуе компаниясының Қазақстандағы әуе жанармай өндірісінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаушылық білдіруде деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы компанияның Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент хабарлайды.

Компания бұл әуе компанияның отын қорының едәуір азаюына әкелгенін айтады. Осыған байланысты Air Astana үкіметке қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыру туралы үндеу жіберді, сондай-ақ кем дегенде импорттық жеткізілім қалпына келгенше авиациялық керосин өндірісінің бұрынғы көлемдерін қайтаруды ұсынды.

Компания мәліметінше, бұл шаралар қысқа мерзімді болашақта әуе қатынасының тұрақты жұмысы үшін маңызды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ішкі нарықты жалпы көлемі 35000 тонна болатын авиакеросинмен қамтамасыз ету туралы хабарлады. Алайда, Air Аstana-ның қолданыстағы рейстерінің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін ай сайын 30 мың тонна авиаотын қажет. Сонымен қатар Қазақстаннан халықаралық рейстер біртіндеп қалпына келтірілуде және әуе компаниясының рейстерінің саны артып келеді», – делінген мәліметте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935012-air-astana-zolausylardyn-aue-tasymaly-toqtauy-mumkin/

pixel