"Қар аралас жаңбыр": Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК өкілдері 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Одан бөлек, республиканың басым бөлігі тұманды болмақ.
Мәселен, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.
Сондай-ақ, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта көктайғақ, солтүстік өңірлерде боран болуы мүмкін.
Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл аймақтарда түнде 1-8 градус жылы болса, солтүстікте түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Солтүстік-батыста түнде 5 градус аяздан +3 градусқа дейін жылы болу мүмкін, күндіз +5+15 градустан 0-8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Солтүстікте және орталықта сынап бағанасы түнде 5 градус аяздан +3 градусқа дейін көтеріліп, күндіз +2+11 градустан 0-8 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Шығыста түнде 3 градус аяздан 5 градусқа дейін жылынып, күндіз ауа температурасы 3-11 градустан 7-15 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін, солтүстікте және таулы аудандарда түнде 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градусқа дейін жылы болмақ.
Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін, солтүстікте және таулы аудандарда түнде 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градусқа дейін жылы болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер жалпы қазан айында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935016-qatty-zauyn-sasyn-kutiledi-sinoptkiter-demalys-kunderine-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/