Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жылу уақытынан ерте берілетін болды

Опубликовано:

күз жылулық11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 2 қазаннан бастап жылу беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен қаладағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты биыл жылыту маусымы ертерек басталады.

"Қолайлы жағдайды талап ететін ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ең алдымен жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік нысандар қосылады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Одан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушыларына беріле бастайды.

Әкімдіктің хабарлауынша, жылу көздері, газ желілері, қазандықтары жылу беруге 100% дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935021-almatyda-zylu-uaqytynan-erte-beriletin-boldy/

pixel