Солтүстік Қазақстан облысы қайтадан "қызыл" аймаққа кірді
Опубликовано:

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды комиссияның Telegram-дағы ресми арнасы.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2058 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 889 040-қа жетті.
Айта кеткен жөн, кеше Қарағанды облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткені туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935033-soltustik-qazaqstan-oblysy-qaitadan-qyzyl-aimaqqa-kirdi/